
Жіберу 06 сәуір 2026Бағасын нақтылаңыз
Ісікке қарсы дәрі. Сорафениб мультикиназалық тежегіш болып табылады. Ісік жасушаларының in vitro пролиферациясын азайтады.
Сорафениб көптеген жасушаішілік киназаларды (с-CRAF, BRAF және мутантты BRAF) және жасуша бетінде орналасқан киназаларды (KIT, FLT-3, RET, VEGFR-1, VEGFR-2, VEGFR-3 және PDGFR-β) басатыны көрсетілген. Бұл киназалардың кейбірі ісік жасушаларының сигналдық жүйелеріне, ангиогенез және апоптоз процестеріне қатысады деп есептеледі. Сорафениб бауыр-жасушалы обырда және адамның бүйрек-жасушалы обырында ісіктердің өсуін басады.
| Негізгі | |
|---|---|
| Өндіруші | Bayer |
| Өндіруші ел | Германия |
| Шығару формасы | Капсулалар |